Түркістан облысында ауылшаруашылығы өнімінің көлемі артты

183
19.08.2022 04:18

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі артуда.  Жыл басынан бері жалпы өнім жоспардан 27 млрд. теңгеге артық орындалып, 338,9 млрд теңгеге жетті. Өткен жылмен салыстырғанда  нақты көлем индексі 4,4% -ға өсті. Мал шаруашылығында ет, сүт өндіру және тауық жұмыртқасы былтырмен салыстырғанда 10,6%-ға көбейді. Шетелге 121 мың тонна қауын, 170 мың тонна қарбыз экспортталды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен өңірде ауыл шаруашылығы саласы өкілдеріне семинарлар өткізілуде. Ол жерде шаруаларға жаңа технологияларды енгізу жолдары түсіндіріліп, нәтижесінде  тамшылатып және жаңбырлатып суғару тәсілдері кеңінен қолданысқа енгізілді.