«2022-06-23» бойынша іздеу нәтижесі

Мәжіліс жанынан қоғамдық палата құылды

Мәжіліс жанынан Қоғамдық палата құрылды. Оның құрамына конструктивті оппозиция өкілдері де тартылады. Мәжіліс төрағасы бұл «қойшыны көбейту» емес. Керісінше істі кеңейту деп есептейді. Себебі енді қызу пікірталас митингтерде емес, мәжіліс жанынан құрылған қоғамдық палатаның отырысында өтеді. Оның мүшесі болуға міндеттелмейді. Алайда кез келген заң жобасы бойынша айтар ойыңыз болса, әрбір депутаттың оған қатысуға мүмкіндігі бар. Бұл жұмысты мен өзім тікелей қадағалаймын деген Қошанов палата құрамы келесі аптада белгілі болатынын жеткізді. 

ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Бүгінгі таңда, өкінішке қарай, бізге көп сын айтылады. Заң шығарушылар халықтан алшақтап кеткен деген түсінік бар. Яғни, халық бір жақта, қоғам бір жақта, заң бір жақта жұмыс істеп жатыр деген пікір бар. Сондықтан Қоғамдық палатаның басты мақсаты – неғұрлым өзекті, резонансты мәселелерді бірінші оқылымға дейін қоғамның талап-тілегі тұрғысынан қарастыру. Басты ерекшелігі – осы. 

 

Өңірдегі мұғалім тапшылығын шешу үшін жаңа бағдарлама іске қосылды

Түркістан облысында мұғалім тапшы. Дәл қазір өңірге 240 педогог маман қажет. Одан бөлек Маңғыстау, Атырау, Алматы облыстарында да ұстаздардың жетіспеушілігі байқалады. Қалыптасқан тапшылықты жою мақсатында тың жоба қолға алынды. 

Рахила Үрімова Ататүркі атындағы №17 мектеп-гимназиясының директоры. Білім ұясының басшысы орыс тілі мұғалімдерінің жетіспейтінін айтады. Бос орындардың орнын толтыру үшін өзге мұғалімдер 20 сағаттан артық білім беруге мәжбүр екен. 

Маман тапшылығы тек осы мектепте ғана емес, облыстағы күрмеулі мәселенің бірі. Сол үшін өңірде орыс тілі, математика, ағылшын мен физика және химия, тарих, бастауыш сынып мұғалімдеріне конкурс жарияланды. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарлама арқылы дипломын енді ғана қолына алған жас мамандарғада аталған бағдарлама үлкен жол ашпақ. Байқау шарттары да оңай. Жұмысқа тұру үшін бар болғаны жеке құжаттарыңызды өткізіп, компьютерлік тест тапсырасыз.  

Түркістан қаласында орналасқан Қожа Ахмет Яссауи атындағы ХҚТУ студенттерінің 30-35 пайызы болашақ педогог мамандар. Сондықтан университет пен басқарма арасында келісім жасалып, жас ұстаздарды жұмыспен қамту көзделуде екен. 

Конкурс негізінде жұмысқа қабылданатын мұғалімдердің жалақысы да жоғары. Орташа айлық 553 225 теңгені құрайды. Шалғай аймақтарда жұмыс істеуге ниетті жандар үшін баспана жағы да қарастырылуда дейді сала мамандары. Айта кетейік, конкурсқа өтінім білдіру 26 маусымға дейін жалғасады. 

 

Түркістанда мемлекеттік қызметкерлер күніне орай ерекше жоба ұйымдастырылды

«Мемлекеттік қызметшілерді "халық жауы" сияқты көретіндер де бар. Шенеунік деген сөз жағымсыз ұғымға айналып барады. Бұл – дұрыс емес». Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Құрылтайда айтқан сөзі бұл. Қалай десекте ақ жағалылардың барлығына бірдей қара күйе жағу дұрыс емес екені анық. Өйткені жұмыстары ауыр артылған жауапкершілік жоғары. Оған бүгін қарапайым азаматтар да куә болды. 

Бауыржан Ниязбеков Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы  қызметіне жайғасты. Жақында ғана тағайындалған шенеунік қайда кетті деп уайымдамаңыз. Бұл бір күндік ауыс-түйіс. Осылайша әкімдіктегілерді жиі сынайтын қоғам белсендісі мемлекеттік қызметшілердің шынайы жұмысын өз көзімен көрді. Оңай еместігін мойындады. 

Су жаңа басшы алдымен аппарат жиналысына қатысты. Онда жазғы мектеп жобасының қорытындысы,  1-сыныпқа қабылдау ісі басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар пысықталды. Бұдан бөлек, біздің кейіпкер БАҚ өкілдерінің қатысумен өткен брифингте бой көрсетіп,  білім саласындағы кадрлардың тапшылығы мәселесін шешудің жолдарын ұсынды. 

Кезекті кейіпкеріміз Әбдиев Ерлан. 1 топ мүгедегі. 3 баланың әкесі облыс әкімдігі ұйымдастырған жобаға кездейсоқ келген жоқ. Түркістан облысы әкімінің мүгедектігі бар азаматтардың мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі өзімен тағдырлас жандардың жағдайын жақсарту үшін бүгін облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының тізгінін өз қолына алды.

Мүмкіндікті қалт жібермеген біздің кейіпкер жұмыс күні барысында аз-қамтылған және көпбалалаы отбасы мүшелерімен, мүгедектігі бар азаматттармен кездесулер өткізіп, олардың өтініш-тілектерін тыңдады. Түркістан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның айтуынша  халықтың 79 пайызы әлеуметтік қорғау саласы ұсынатын қызметтерге мұқтаж. Сондықтан бұл басқармаға артылған жүк те ауыр десек артық болмас.

Жобаны ұйымдастырушылардың айтуынша аталған бастамаға Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтқан сөздері түрткі болған. Сондықтан мемлекеттік қызметшінің жауапкершілікке толы жұмысын халыққа етене таныстыру аса маңызы дейді Өркен Балажанов.

 

"Жасыл Түркістан" жұмысшылары

Түркістанның келбеті бүгінде адам танымастай өзгерді. Бұрынғыдай шаңы бұрқырап, топырағынан соры шығып жататын шаһар жоқ қазір. Өйткені рухани Астананың жаңа іргетасы қаланғалы абаттандыру ісі бір сәтке де тоқтаған емес. Қаланы көз алдымызда жасыл желекке айналдырған "Жасыл Түркістан" мекемесінде істейтін қарапайым жұмысшылар. 

Жасыл қаланы қолдан жасағандардың бірі Абдрахман Жамаладин. Жасыл Түркістан мекемесінде 1 жарым жылдан бері жұмыс істейді. Осыған дейін қаржы ұйымдарында қызмет еткен ол өз туып өскен шаһардың экологиясын жақсартсам деген мақсатпен осы жұмысқа арнайы ауысқанын айтады. Алайда, жазы аптап ыстық, қысы аңызақ жел болатын қалада таңнан кешке дейін көше жағалап жүру оңай емес дейді.  

АБДРАХМАН ЖАМАЛИДДИН, «ЖАСЫЛ ТҮРКІСТАН» МЕКЕМЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Облыстың бас қаласы болғандықтан Түркістанның көркеюіне атсалысып, тал егіп, шөбін жұламыз. Әпкелерге, ағайларға алғыс айтқым келеді. Өйткені күннің ыстығы мен суығына қарамастан жұмыс істейміз. Тіпті 45 градус ыстықта да шығып жұмыс істедік. Күн ыстық болған соң тоқтамай суарамыз. Ал суару жұмыстары жүргізілген соң арам шөптерде тез шығады. Қала басшылығының тапсырмасымен әрі де бері де шапқылаймыз. Жалпы біз 3 ауысым бойынша жұмыс жасаймыз. Кешке де суару жұмыстары жүргізіледі.

Абдрахман сынды «Жасыл Түркістан» мекемесінде 200 ден астам адам жұмыс істейді. Рухани астананың кескін келбетіне жауапты солар.  Олардың күшімен жоспарды орындау мақсатында биыл 200 мың түп гүл отырғызылған. Оның 110 мыңы көпжылдық, 90 мыңы бір жылдық раушан, петуния, шафран сынды гүл көшеттері. Абаттандыру жұмыстарына шетелден арнайы аппараттар да әкелінген.  

АҚӘДІЛ ҚОНДЫБАЕВ, "ЖАСЫЛ ТҮРКІСТАН" ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- «Жасыл Түркістан» мекемесінде бекітілген штаттық бірлігінде 355 адам қызмет етеді. Оның ішінде жұмыс істеп жатқаны 225 жұмысшы. Ол жұмысшылар Түркістан қаласының төңірегіндегі бүкіл аллеялар, парктер, көшелердің бойындағы жасыл желектерді күтіп ұстау жұмыстарымен айналысады. Біздің қызметкерлер мен қала әкімдігінің арман-тілектері, талаптары бойынша қала тұрғындары мен қонақтарынан сұранатынымыз, қоқыстарды шашпай, таза ұстанса дейміз. Өйкені кейде қоқыс салдарынан су ағатын арналар бітеліп қалады. Біздегі аппараттар Австря мемлекетінен әкелінеді. Себебі бұл аппаратттар өте сапалы. Көңіліміз толады. 

Қазіргі таңда жоспар бойынша 127 га аумаққа 250 мың ағаш отырғызылды. Сондай-ақ, Түркістанның экологиялық көркеюі мен жасыл Түркістан атануына тікелей әсер еткен бағбан жұмысшылардың еңбегінің нәтижесі 

 

Түркістан облысында "Балаларға қуанышты күн сыйла!" акциясы өтті

"Балаларға қуанышты күн сыйла". Осы атауды ту етіп алған Түркістан облысының мемлекеттік қызметкерлері игі бастаманы қолға алып, өзгелерге де үндеу тастады. Нақтыласақ өңірдегі отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілерін демалыс аймағына апарып, өрендердің алғысын арқалады. 

Балалар ауылында тәрбиеленіп жатқан оқушылардың бүгінгі қуанышында шек жоқ. Себебі олар демалыс аймағына келіп құмарлары қанғанша шомылып, сергіп алуға мүмкіндік алып отыр. Ерекше қуаныш сыйлаған мемлекеттік қызметкерлерге айтар алғысы шексіз. 

НҰРАЙ МАДИЯРҚЫЗЫ, Т.ТӘЖІБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОТБАСЫ ҮЛГІСІНДЕГІ БАЛАЛАР АУЫЛЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ:  

- Бүгінгідей балалар жылына арнап жатқан осындай кереметтей күнге алғысымызды білдіреміз. Бүгінгі күн бізге қатты ұнады. Адами әлеуетті дамыту басқармасына алғысымызды білдіреміз. Бізге осындай кереметтей күн сыйлап жатқанына.

МИРАС БАТЫРҰЛЫ, Т.ТӘЖІБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОТБАСЫ ҮЛГІСІНДЕГІ БАЛАЛАР АУЫЛЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ:  

- Қасым-Жомарт Кемелұлы 2022 жылды балалр жылы дегендей. Мемлекеттік қызметкерлер күніне бізді осында қыдыртып жатқандарына рахмет. Біздің балалрдың көңілдерінде шек жоқ. Біздің балалрдың атынан барлығына көп-көп рахмет

Балалар жылы биыл кең көлемде аталып өтілуде. Түрлі мәдени іс-шаралардан бөлек осы жылы өрендеріміздің білім алуына, денсаулығына, демалысына қатысты барлық мәселелер де шешімін табуы тиіс. Президент тапсырмасы осылай. Сондықтан да еліміздегі елеулі оқиғаға өз үлесімізді де қосу азаматтық борышымыз деп санадық дейді жиынды ұйымдастырған облыс әкімдігінің қызметкерлері. 

АЙДАНА АРШАБАЕВА–ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ:

- Бүгінгі іс-шарамыздың мақсаты Қасым Жомарт Тоқаев балалр жылы деп атаған болатын. Сол себепті алда болып жатқан мемлекеттік қызметшілер күніне балаларға көңіл күй сыйлау. 

Айта кетейік, қазір Түркістан облысында балалар үйі жоқ. Төлеби, Төлеген Тәжібаев атындағы мекемелер отбасы үлгісіндегі балалар ауылы болып қайта жасақталған. Өңірде тағы балаларды қолдау орталығы жұмыс істейді. Осы жиынға олардан келген 150 ден астам бала қатысты.

 

Жедел-іздестіру қызметі қызметкерлерінің жалақысы өседі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жедел-іздестіру қызметі қызметкерлерінің еңбекақысы артатынын жариялады.

Қасым-Жомарт Тоқаев полиция қызметінің көбінесе адам өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін қауіпті мамандық екенін атап өтіп, Тәуелсіздік жылдарында қызмет бабында 815 қызметкердің қаза тапқаны, 4,5 мыңнан астамы жарақат алғаны туралы дерек келтірді. Сондықтан қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету ісіндегі ішкі істер органдарының үлесін бағаламауға болмайды.

"Біз тәртіп сақшыларын қолдауға әрдайым ерекше көңіл бөлеміз. Кейінгі жылдары полиция қызметкерлерінің жалақысы бірнеше рет өсіп, тұрғын үйді жалға алу құнына өтемақы төлеу енгізілді. Сонымен қатар әкімдерге жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын қызметтерге 30 пайыздық үстемеақы белгілеу құқығы берілді. Менің тапсырмама сәйкес биылғы 1 қазаннан бастап жедел-іздестіру қызметі қызметкерлерінің еңбекақысы көтеріледі. Біз полиция қызметкерлерін құқықтық және әлеуметтік тұрғыдан қорғауды жақсарту үшін кешенді шараларды жалғастырамыз", – деді Мемлекет басшысы.

Президент құқық қорғау органдарында қызмет атқарудың жастар үшін тартымды әрі мәртебелі болуы маңызды деп есептейді. Үздік полицейлерді көтермелеп, ерекшелеп, марапаттау ісін қолдайтынын білдірді. Сондай-ақ құқық қорғау органдарындағы қызмет тек артықшылық пен абырой ғана емес, халық алдындағы үлкен жауапкершілік екенін түсіну керек деп атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігі кадрлық әлеуетті ұдайы жетілдіруді, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін және моральдық рухын нығайтуды қамтамасыз етуі қажет екенін айтты. Қазақстан полициясында отансүйгіштіктің, ашықтықтың, әрқашан адамдарға көмекке келуге дайын тұратын адалдықтың образы қалыптасуы керек. Бұл барлық тәртіп сақшыларының ойлау жүйесі мен мінез-құлқына түбегейлі өзгерістер енгізуді талап етеді.

Мемлекет басшысы соңғы кездері құқық қорғау органдарының қызмет бабын асыра пайдалануына қатысты шағымдардың жиілеп кеткенін атап өтті. Сондай-ақ, мамыр айында отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде кәсіпкерлердің көпшілігі тікелей қысым көріп жатқаны туралы шағымданғанын айтты.

 

Сенатта комитет төрағасы сайланды

Нариман Төреғалиев Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес комитет төрағасы депутаттардың ұсынысы бойынша депутаттар арасынан сайланады", - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Сенатор Нұртөре Жүсіп депутат Нариман Төреғалиевтің кандидатурасын ұсынды.

"Сенатор Нариман Төреғалиевтің кандидатурасын Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы қызметіне ұсынамын. Нариман Төреғалиев өзінің еңбек жолын совхозда жұмысшы болып бастаған, Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. БҚО-ның бірқатар шаруашылығында жұмыс істеді, Теректі, Ақжайық аудандарында басшылық қызметтер атқарды, Орал әкімі болды. 2017 жылы алтыншы сайланған Парламент Сенатының депутаты, Сенаттың тұрақты комитетінің хатшысы болып сайланды. Біз Нариман Төреғалиевті іскер ұйымдастырушы, мақсатқа ұмтылған басшы, жауапты маман ретінде жақсы білеміз. Ол өз ісіне жауапкершілікпен қарайды, әлеуметтік-мәдени, ғылыми салаларға қатысты мәселелерді жақсы біледі, білімді, білікті, ұстамды. Қолдау көрсетуіңізді сұраймын", - деді сенатор Жүсіп.

Депутаттар Төреғалиевтің кандидатурасын қолдап, оны Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы етіп сайлады.

 

"Сбербанк Қазақстанды" сатып алу бойынша келіссөз жүргізіп жатыр

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі "Сбербанк Қазақстанды" сатып алу бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Ақпаратты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, "Сбербанк Қазақстанды" сату туралы шешімді "Сбербанк Ресей" ЖАҚ санкциялық шектеулерге байланысты қабылдаған.

"Шынында да, қазір "Сбербанк Қазақстанды" сату мәселесі талқыланып жатыр. Бұл - "Сбербанк Ресей" ЖАҚ-тың еншілес ұйымы. Ресейде бұл банкке санкция салынғандықтан, банк шетелдік валюталарда операция жасай алмайды. Шетелдік корреспондент-банктердегі шоттары жабылып, жаңа қаржыландыруды тарту мүмкіндігі шектеулі. Осыған байланысты "Сбербанк Ресей" өзінің еншілес ұйымын Қазақстанда сату туралы шешім қабылдады және қазіргі уақытта "Бәйтерек" холдингімен банкті сату туралы тиісті келіссөз жүргізіліп жатыр", -деді Әбілқасымова.

"Бәйтерек" ҰБХ-ның жалғыз акционері - Қазақстан үкіметі. Холдинг құрамына 8 еншілес ұйым кіреді: "Қазақстанның даму банкі", "Отбасы банк", "Даму" ӨДҚ, "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы", Kazakh Export, "Қазына Капитал Менеджмент", "Аграрлық несие корпорациясы", "ҚазАгроҚаржы" АҚ.

 

Жезқазған әкімі қызметінен босады

Қайрат Әбсаттаров Жезқазған әкімі қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімдігінің ақпараты бойынша, Қайрат Әбсаттаровты басқа жұмысқа ауысуына байланысты шығарып салу рәсімі өтті.

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы және әріптестері Қайрат Бектайұлына ризашылықтарын білдіріп құрмет көрсетті.

Қайрат Әбсаттаров 1966 жылы Қарағанды облысының Жезқазған қаласында дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар: 1990 жылы Қарағанды политехникалық институтын "Автомобиль және автомобиль шаруашылығы" мамандығы бойынша; 1998 жылы - О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін "Экономика және өндірісті басқару" мамандығы бойынша; 2018 жылы - "МИСиС" Ұлттық техникалық зерттеу университетін "Іскерлік әкімшіліктендіру магистрі" мамандығы бойынша тәмамдаған.

1990-1997 жылдары Жезқазғанның автомобиль өнеркәсібінің өнеркәсіп кәсіпорындарында, Қарағанды облысының әкімшілік аппаратында еңбек етті.

Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінде, Қазақстан Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеген, Байланыс және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысының лауазымын атқарды, сонымен бірге көлік және коммуникация вице-министрі, ҚР бірнеше министрліктерінде комитет төрағасы болды, одан кейін Қазақстан Республикасының премьер-министрінің канцеляриясын, Өңірлік даму департаментін басқарды.

2019 жылдан бастап "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары - басқарма мүшесі болды.

2020 жылы тамызда Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды.

Қайрат Әбсаттаров "Құрмет" орденімен марапатталған.