"Балаларға қуанышты күн сыйла". Осы атауды ту етіп алған Түркістан облысының мемлекеттік қызметкерлері игі бастаманы қолға алып, өзгелерге де үндеу тастады. Нақтыласақ өңірдегі отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілерін демалыс аймағына апарып, өрендердің алғысын арқалады.
Балалар ауылында тәрбиеленіп жатқан оқушылардың бүгінгі қуанышында шек жоқ. Себебі олар демалыс аймағына келіп құмарлары қанғанша шомылып, сергіп алуға мүмкіндік алып отыр. Ерекше қуаныш сыйлаған мемлекеттік қызметкерлерге айтар алғысы шексіз.
НҰРАЙ МАДИЯРҚЫЗЫ, Т.ТӘЖІБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОТБАСЫ ҮЛГІСІНДЕГІ БАЛАЛАР АУЫЛЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ:
- Бүгінгідей балалар жылына арнап жатқан осындай кереметтей күнге алғысымызды білдіреміз. Бүгінгі күн бізге қатты ұнады. Адами әлеуетті дамыту басқармасына алғысымызды білдіреміз. Бізге осындай кереметтей күн сыйлап жатқанына.
МИРАС БАТЫРҰЛЫ, Т.ТӘЖІБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОТБАСЫ ҮЛГІСІНДЕГІ БАЛАЛАР АУЫЛЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ:
- Қасым-Жомарт Кемелұлы 2022 жылды балалр жылы дегендей. Мемлекеттік қызметкерлер күніне бізді осында қыдыртып жатқандарына рахмет. Біздің балалрдың көңілдерінде шек жоқ. Біздің балалрдың атынан барлығына көп-көп рахмет
Балалар жылы биыл кең көлемде аталып өтілуде. Түрлі мәдени іс-шаралардан бөлек осы жылы өрендеріміздің білім алуына, денсаулығына, демалысына қатысты барлық мәселелер де шешімін табуы тиіс. Президент тапсырмасы осылай. Сондықтан да еліміздегі елеулі оқиғаға өз үлесімізді де қосу азаматтық борышымыз деп санадық дейді жиынды ұйымдастырған облыс әкімдігінің қызметкерлері.
АЙДАНА АРШАБАЕВА–ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ:
- Бүгінгі іс-шарамыздың мақсаты Қасым Жомарт Тоқаев балалр жылы деп атаған болатын. Сол себепті алда болып жатқан мемлекеттік қызметшілер күніне балаларға көңіл күй сыйлау.
Айта кетейік, қазір Түркістан облысында балалар үйі жоқ. Төлеби, Төлеген Тәжібаев атындағы мекемелер отбасы үлгісіндегі балалар ауылы болып қайта жасақталған. Өңірде тағы балаларды қолдау орталығы жұмыс істейді. Осы жиынға олардан келген 150 ден астам бала қатысты.
️