"Жасыл Түркістан" жұмысшылары

395
23.06.2022 09:52

Түркістанның келбеті бүгінде адам танымастай өзгерді. Бұрынғыдай шаңы бұрқырап, топырағынан соры шығып жататын шаһар жоқ қазір. Өйткені рухани Астананың жаңа іргетасы қаланғалы абаттандыру ісі бір сәтке де тоқтаған емес. Қаланы көз алдымызда жасыл желекке айналдырған "Жасыл Түркістан" мекемесінде істейтін қарапайым жұмысшылар. 

Жасыл қаланы қолдан жасағандардың бірі Абдрахман Жамаладин. Жасыл Түркістан мекемесінде 1 жарым жылдан бері жұмыс істейді. Осыған дейін қаржы ұйымдарында қызмет еткен ол өз туып өскен шаһардың экологиясын жақсартсам деген мақсатпен осы жұмысқа арнайы ауысқанын айтады. Алайда, жазы аптап ыстық, қысы аңызақ жел болатын қалада таңнан кешке дейін көше жағалап жүру оңай емес дейді.  

АБДРАХМАН ЖАМАЛИДДИН, «ЖАСЫЛ ТҮРКІСТАН» МЕКЕМЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Облыстың бас қаласы болғандықтан Түркістанның көркеюіне атсалысып, тал егіп, шөбін жұламыз. Әпкелерге, ағайларға алғыс айтқым келеді. Өйткені күннің ыстығы мен суығына қарамастан жұмыс істейміз. Тіпті 45 градус ыстықта да шығып жұмыс істедік. Күн ыстық болған соң тоқтамай суарамыз. Ал суару жұмыстары жүргізілген соң арам шөптерде тез шығады. Қала басшылығының тапсырмасымен әрі де бері де шапқылаймыз. Жалпы біз 3 ауысым бойынша жұмыс жасаймыз. Кешке де суару жұмыстары жүргізіледі.

Абдрахман сынды «Жасыл Түркістан» мекемесінде 200 ден астам адам жұмыс істейді. Рухани астананың кескін келбетіне жауапты солар.  Олардың күшімен жоспарды орындау мақсатында биыл 200 мың түп гүл отырғызылған. Оның 110 мыңы көпжылдық, 90 мыңы бір жылдық раушан, петуния, шафран сынды гүл көшеттері. Абаттандыру жұмыстарына шетелден арнайы аппараттар да әкелінген.  

АҚӘДІЛ ҚОНДЫБАЕВ, "ЖАСЫЛ ТҮРКІСТАН" ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- «Жасыл Түркістан» мекемесінде бекітілген штаттық бірлігінде 355 адам қызмет етеді. Оның ішінде жұмыс істеп жатқаны 225 жұмысшы. Ол жұмысшылар Түркістан қаласының төңірегіндегі бүкіл аллеялар, парктер, көшелердің бойындағы жасыл желектерді күтіп ұстау жұмыстарымен айналысады. Біздің қызметкерлер мен қала әкімдігінің арман-тілектері, талаптары бойынша қала тұрғындары мен қонақтарынан сұранатынымыз, қоқыстарды шашпай, таза ұстанса дейміз. Өйкені кейде қоқыс салдарынан су ағатын арналар бітеліп қалады. Біздегі аппараттар Австря мемлекетінен әкелінеді. Себебі бұл аппаратттар өте сапалы. Көңіліміз толады. 

Қазіргі таңда жоспар бойынша 127 га аумаққа 250 мың ағаш отырғызылды. Сондай-ақ, Түркістанның экологиялық көркеюі мен жасыл Түркістан атануына тікелей әсер еткен бағбан жұмысшылардың еңбегінің нәтижесі