Жетісайда бұршақ аралас жауын жауып, егістікті зақымданды

460
23.06.2022 09:55

Жетісай ауданының тұрғындарын табиғаттың тосын мінезі әбігерге салды. Өңірде бұршақ аралас жаңбыр жауып, соңы дауылға ұласқан. Салдарынан біршама елдімекендерде жарық сөнген. Үйлердің шатырлары ұшып ағаштар түбімен құлап қалған. Дауылдың кесірінен әсіресе Мақталы, Ділдәбеков, Қызылқұм ауылдарымен Асықата кенттері қатты зардап шеккен. Одан бөлек шаруалардың шығыны шаш етектен. Бұршақ аралас жаңбыр бір сағаттың ішінде өсіп тұрған мақтаны жермен жексен етіп, пісіп тұрған қарбыздарды тесіп тастаған. Аудан халқы мұндай дауылды алғаш рет көріп отырғандарын айтады.