Түркістан
EN

Өңірдегі мұғалім тапшылығын шешу үшін жаңа бағдарлама іске қосылды

650
23.06.2022 14:41

Түркістан облысында мұғалім тапшы. Дәл қазір өңірге 240 педогог маман қажет. Одан бөлек Маңғыстау, Атырау, Алматы облыстарында да ұстаздардың жетіспеушілігі байқалады. Қалыптасқан тапшылықты жою мақсатында тың жоба қолға алынды. 

Рахила Үрімова Ататүркі атындағы №17 мектеп-гимназиясының директоры. Білім ұясының басшысы орыс тілі мұғалімдерінің жетіспейтінін айтады. Бос орындардың орнын толтыру үшін өзге мұғалімдер 20 сағаттан артық білім беруге мәжбүр екен. 

Маман тапшылығы тек осы мектепте ғана емес, облыстағы күрмеулі мәселенің бірі. Сол үшін өңірде орыс тілі, математика, ағылшын мен физика және химия, тарих, бастауыш сынып мұғалімдеріне конкурс жарияланды. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарлама арқылы дипломын енді ғана қолына алған жас мамандарғада аталған бағдарлама үлкен жол ашпақ. Байқау шарттары да оңай. Жұмысқа тұру үшін бар болғаны жеке құжаттарыңызды өткізіп, компьютерлік тест тапсырасыз.  

Түркістан қаласында орналасқан Қожа Ахмет Яссауи атындағы ХҚТУ студенттерінің 30-35 пайызы болашақ педогог мамандар. Сондықтан университет пен басқарма арасында келісім жасалып, жас ұстаздарды жұмыспен қамту көзделуде екен. 

Конкурс негізінде жұмысқа қабылданатын мұғалімдердің жалақысы да жоғары. Орташа айлық 553 225 теңгені құрайды. Шалғай аймақтарда жұмыс істеуге ниетті жандар үшін баспана жағы да қарастырылуда дейді сала мамандары. Айта кетейік, конкурсқа өтінім білдіру 26 маусымға дейін жалғасады. 

 

️