«2022-06-18» бойынша іздеу нәтижесі

Маңғыстаулықтар ұлттық бұйымдар мен тағамдар жәрмеңкесін өткізді

Маңғыстаулықтар рухани шаһар тұрғындарына өз өнімдерін төмен бағада саудалады. Нақтырақ айтқанда, жәрмеңке көрме өткізді. Өңірдің 20 ға жуық кәсіпкері құнды жәдігерлер мен тері, балық өнімдерін 10-15 пайыздық төмен бағада сатылды. Келушілер тек тың дүниелермен танысып қана қоймай, сол өңірдің ойынын ойнауға мүмкіндігі бар. Қаздойбы деп аталатын бұл ойын шахмат түріне ұқсас келеді. Ал ерекшелігі бәсекелістік емес, ақылдасып ойнауды қажет етеді.

ПІКІР САНСЫЗБАЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ САУДА БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Мағыстау күндерімен бірге делегацияны, кәсіпкерлерді алып келген болатынбыз. Бұл жерде Маңғыстау өңіріндегі өнім өндірушілер, қол өнер шеберлері, қазахи нақыштағы ұлттық киім тігушілер және қима көрпе тігетіндер және Маңғыстау облысынан шыққан ойын түрлерінің шеберлері қатысуда. Бұл көрме жәрмеңке , яғни, көрме түрінде де ұсынылады және қалаған адам өзіне ұнаған өнімдерін сатып алуға болады.

  

Маңғыстау облысының өнерпаздары гала-концерт өткізді

Маңғыстаулықтар түркі төрінде. Маңғаз өңірден келген қонақтар рухани астанаға тек турист ретінде ғана емес, ән шашуын ала келіпті. Екі күндік мерекелік шараның салтанатты ашылуы кеше кешкісін «Конгресс хол» көпсалалы кешенінде өтті.  

“Маңғыстаудан мың сәлем, түркі төрі!” Дәл осы тақырыпты ту етіп  Маңғыстаудан өнердің, жыр мен әннің, ықылас пен берекенің керуені рухани астанаға жетті. Түрлі концерттік бағдарламаларын ала келген маңғаз өлкенің өнерпаздары 2 күн бойы өңір жұртына өнерлерін көрсетпек. Жиынның салтанатты ашылуы дәстүрден аттамай ақ жаулықты аналардың шашуымен басталды. 

ЖОЛАМАН КӨШКІНОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ:

- Қазақ халқымыз айтады: «Мединада-Мұхаммед, Түркістанда-Қожа Ахмет, Маңғыстауда пір бекет» деп. Біз сол киелі Маңғыстау өлкесінен келіп отырмыз. Осы жердегі біздің ата-бабамыз  киелі Маңғыстаулық халқымыз айтады, Сауранды үш айналғанбыз деп сол айтқандай ата-бабамыз қол ұстас болған жайлауын бірге жайған, осы елді жерді найзаның ұшы мен білектің күшімен қорқаған, қазақ елінің ұрпағымыз.

Екі күндік концерттің салтанатты ашылуына 200 ден астам өнерпаз қатысты. Олардың орындауындағы таңғажайып театрландырылған қойылымдар көптің көңілінен шықты. Өзіндік калоритімен сахнада көсілген маңғаз өлкенің өнерпаздары нағыз қазақи нақышты дәріптеді. Төл туындыларын да ортаға салды. 

ҚҰДАЙБЕРГЕН СҰЛТАНБЕК, Ә.КЕКІЛБАЕВ АТЫНДАҒЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Түркінің түлеуі, түркінің қайта өркендеуі бұл алғашқы қадамы деп білеміз. Маңғыстаумен Түркістанды, рухани-мәдени байланыс бар екі ортада. Ол байланыс әулелердің көші, Маңғыстауда 362 әуледей бар. Сол әулелердің мәдениет руханиатының шамын жаққандығы, Түркістан жерінен келгендігі айтылады. Сондықтан біз Түркістанды пірлі орда деп есептейміз, бүгінгі сапарымызда сол пір ордаға сәлем беру.

Жалпы мәдени күндерде маңғыстаулықтар  этнографиялық қойылымдар мен көрме, спорттық жарыстар, қолөнер шеберлерінің ашық жәрмеңкесін өткізуде. Сонымен қатар, «Ақшағыл» этно-фольклорлық ансамблінің концерті, Этно мәдени орталығының арнайы бағдарламасы, «Тарбия» сән үйінің киімдер көрсетілімі, «Жорға» халықтық би ансамблі мен күміс көмей әнші Тамара Асардың концертін өткізеді. 

 

Түркістанды түлеткен тұлға - Рашид Аюпов

Түркістанның облыс орталығы болып құрылғанына биыл 4 жыл. Біздің редакция ұжымы осы уақыт ішінде қаланың дамып, өсуіне үлес қосқан азаматтар жайында айтуды жалғастырды. Бүгінгі кейіпкеріміз рухани шаһардың логотипінен бастап, әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуде, қаланың инфрақұрылымын қалыптастыруда өлшеусіз үлес қосқан жан.  

Рашид Аюпов. Түрленген түркістандықтар үшін жат есім емес. Себебі ол 2019 жылдың шілдесінде, яғни шаһар  еліміздің рухани астанасына айналған тұста билік басына келіп, біраз игі істерідің басы-қасында жүрді. Еліміздің рухани астанасын 2 жыл қатарынан тізгіндеген Аюпов несімен есте қалды екен? Өткенге көз жүгіртіп көрейік.

Алдымен Рашид Аюповтың жеке басына тоқталсақ.  Ол 1981 жылы 4 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында туған. Информатика бакалавры, мемлекеттік басқару магистрі, заңгер. «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританиядағы Патшайым Марияның Лондон университетін тәмәмдаған. 

Рашид Аюпов әр жылдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Премьер-министрдің кеңсесінде, тағы басқа жоғары лауазымды қызметтерді атқарған. Алайда көпшілік оны Түркістан қаласының әкімі ретінде жақынырақ тани білді. Креативті әкім алдымен Түркістан атауын халықаралық брендке айналдыруды қолға алды.

Экс-әкім өзінің ерекше тапсырмаларымен ел жадында қалды. Атап айтар болсақ, ол қала жұртшылығына велосипедпен жүруге кеңес берді. Ол үшін облыс орталығында «Turkistan bike» велобекеттері іске қосылды. Рашид Аюпов халықтың жағдайын жасауға барынша тырысып бақты. Мүгедектігі бар жандар үшін қаладағы ғимараттарда жағдайдың қаншалықты жасалғанын да жіті назарда ұстады. Тіпті өзі де мүгедектердің қоларбасына отырып, пандустардың жағдайын тексергені бар. Аюпов өзінің ерекше ойлау қабілетімен де есте қалды. Мәселен, ол атақты миллиардер, кәсіпкер, инженер, ғарыштық жобаларды жүзеге асырумен айналысатын Илон Маскке Түркістаннан зауыт салу туралы жазған ұсынысын көпшілік ұмытқан жоқ. 

РАШИД АЮПОВ, КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Мен өз елімнің патриоты ретінде осындай әлемдік компаниялардың Қазақстанда болғанын қалаймын. Өйткені, бұл жастардың кәсіби маман болуына мүмкіндік береді. Менің ойымша ғылым, жаңа технологиялар және экспорттық әлеует бұл өте маңызды дүниелер.

Аюпов Түркістанды ақылды, қауіпсіз әрі жасыл қалаға айналдыру жолында біраз істің басын қайырды десек болады.  Ол билік еткен тұста қаладағы құрылыс та жанданып, біраз жолдар жөңделіп, абаттандырылып, газдандырылды. Бір сөзбен айтқанда түркістандықтардың есінде Аюпов жағымды кейіпкер ретінде қалды.

 

Қазығұрттық шаруалар 2 жылдық мал азығын дайындап үлгерді

Қазығұрттық шаруалар мал азығын дайындау бойынша бірінші орымды аяқтады. Олардың айтуынша биыл өнім бітік шығуда. Оң өзгеріске ауыл шаруашылығы саласына енгізіліп жатқан жаңа технологиялардың үлесі зор. Сондай-ақ, жауын-шашын мөлшерінің биыл жеткілікті мөлшерде түсуі диқандардың жұмысына серпін беріпті. 

Қазығұрттық шаруа Жандос Талғатұлы жаңбырлатып суғару әдісін осыдан жеті жыл бұрын игерген.  Айтуынша аталған тәсіл арқылы шабындықты бір маусымда бес мәрте оруға болады. Заманауи технологияны өндіріске қосу арқылы мол өнім алып жүрген кәсіпкер жүйенің суды үнемдеуге де септігі зор деп отыр. 

Құны 15 млн теңге болатын құрылғы егіндікті бірден 80 метрге дейін сумен қамтуға қауқарлы. шаруалар мұны мемлекеттік субсидия арқылы  жарты бағасына алып отыр. Соның арқасында қазығұрттық шаруалар бүгінде екі жылдың мал азығын жиып үлгерді. Ауданда биыл барлығы 28 мың гектар жоңышқа егілген. Оларды жаңбырлатып суғару үшін тіршілік нәрі Келес-Өгем магистралінен осы құрылғылар арқылы тартылады. осы жылы өнімге кенелген қазығұрттық шаруалар алдағы уақытта егістік көлемін ұлғайтып, жаңа технологиялардың көлемін арттыруды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, ауданда 39 мың қара мал, 414 мың қой, 25 мың ешкі, 32 мың жылқы бар. Оларға мал азығын дайындау үшін жаңбырлатып суғару әдісі бойынша аудан көлемінде 45 гектар жерді игеру жоспарланған. 

 

Алматылық тұрғындар қаржы пирамидасына алданып, 2 млн долларынан айырылды

The Finiko қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген үш азамат қамауға алынды. Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласындағы аумақтық департаменті прокуратурамен бірлесіп, аталған ұйым филиалының басында отырғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде. Қазірдің өзінде The Finiko қаржы пирамидасына қатысты 300-ден астам адам арыз берген. Оларға келтірілген шығын көлемі 1,8 млн АҚШ долларын және 630 млн теңгеге дейін жетіп отыр. 

ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛІ:

- Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қорытындысына сәйкес, The Finiko симулятор болып табылады және қатысушылар бұл бағдарламаны сауда мен инвестициялаудың алаңы деп, ақша салады. Ал компанияның өзі дүниежүзілік қор биржаларында тіркелмеген. Қылмыстық іс бойынша үш адам қамауға алынып, басқа тұлғалардың қатысы анықталуда.

 

Жаңалықтар мұрағаты