Алматылық тұрғындар қаржы пирамидасына алданып, 2 млн долларынан айырылды

510
18.06.2022 09:09

The Finiko қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген үш азамат қамауға алынды. Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласындағы аумақтық департаменті прокуратурамен бірлесіп, аталған ұйым филиалының басында отырғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде. Қазірдің өзінде The Finiko қаржы пирамидасына қатысты 300-ден астам адам арыз берген. Оларға келтірілген шығын көлемі 1,8 млн АҚШ долларын және 630 млн теңгеге дейін жетіп отыр. 

ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛІ:

- Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қорытындысына сәйкес, The Finiko симулятор болып табылады және қатысушылар бұл бағдарламаны сауда мен инвестициялаудың алаңы деп, ақша салады. Ал компанияның өзі дүниежүзілік қор биржаларында тіркелмеген. Қылмыстық іс бойынша үш адам қамауға алынып, басқа тұлғалардың қатысы анықталуда.