Ауылда отырып-ақ кәсіп бастауға болады. Бастысы – ниет пен ізденіс болса жеткілікті. Ұшқын ауылында тұратын Несібелі Кәрім осыдан бір жыл бұрын торттың қалай жасалатынын мүлде білмеген. Бала күтімімен үйде отырған келіншек интернеттен қарап үйреніп, бүгінде тәтті өнімдерімен ауылдастарына кеңінен танылып келеді. Декрет демалысын кәсіпке ұластырған ананың табандылығы көпке үлгі.
️