Әбдісалан Нұрмаханов атындағы халықаралық жарыс жалауын көтерді

40
22.04.2025 14:21

Түркістанда даңқты боксшы Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған 31-ші халықаралық турнир өтіп жатыр. Дүбірлі сайысқа республиканың барлық аймағынан, сондай-ақ, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдерінен 100-ге жуық спортшы бақ сынауда. Боксшылар шарша алаңда 13 салмақ дәрежесінде сынға түсті.