Маңғыстау облысының өнерпаздары гала-концерт өткізді

517
18.06.2022 08:39

Маңғыстаулықтар түркі төрінде. Маңғаз өңірден келген қонақтар рухани астанаға тек турист ретінде ғана емес, ән шашуын ала келіпті. Екі күндік мерекелік шараның салтанатты ашылуы кеше кешкісін «Конгресс хол» көпсалалы кешенінде өтті.  

“Маңғыстаудан мың сәлем, түркі төрі!” Дәл осы тақырыпты ту етіп  Маңғыстаудан өнердің, жыр мен әннің, ықылас пен берекенің керуені рухани астанаға жетті. Түрлі концерттік бағдарламаларын ала келген маңғаз өлкенің өнерпаздары 2 күн бойы өңір жұртына өнерлерін көрсетпек. Жиынның салтанатты ашылуы дәстүрден аттамай ақ жаулықты аналардың шашуымен басталды. 

ЖОЛАМАН КӨШКІНОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ:

- Қазақ халқымыз айтады: «Мединада-Мұхаммед, Түркістанда-Қожа Ахмет, Маңғыстауда пір бекет» деп. Біз сол киелі Маңғыстау өлкесінен келіп отырмыз. Осы жердегі біздің ата-бабамыз  киелі Маңғыстаулық халқымыз айтады, Сауранды үш айналғанбыз деп сол айтқандай ата-бабамыз қол ұстас болған жайлауын бірге жайған, осы елді жерді найзаның ұшы мен білектің күшімен қорқаған, қазақ елінің ұрпағымыз.

Екі күндік концерттің салтанатты ашылуына 200 ден астам өнерпаз қатысты. Олардың орындауындағы таңғажайып театрландырылған қойылымдар көптің көңілінен шықты. Өзіндік калоритімен сахнада көсілген маңғаз өлкенің өнерпаздары нағыз қазақи нақышты дәріптеді. Төл туындыларын да ортаға салды. 

ҚҰДАЙБЕРГЕН СҰЛТАНБЕК, Ә.КЕКІЛБАЕВ АТЫНДАҒЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Түркінің түлеуі, түркінің қайта өркендеуі бұл алғашқы қадамы деп білеміз. Маңғыстаумен Түркістанды, рухани-мәдени байланыс бар екі ортада. Ол байланыс әулелердің көші, Маңғыстауда 362 әуледей бар. Сол әулелердің мәдениет руханиатының шамын жаққандығы, Түркістан жерінен келгендігі айтылады. Сондықтан біз Түркістанды пірлі орда деп есептейміз, бүгінгі сапарымызда сол пір ордаға сәлем беру.

Жалпы мәдени күндерде маңғыстаулықтар  этнографиялық қойылымдар мен көрме, спорттық жарыстар, қолөнер шеберлерінің ашық жәрмеңкесін өткізуде. Сонымен қатар, «Ақшағыл» этно-фольклорлық ансамблінің концерті, Этно мәдени орталығының арнайы бағдарламасы, «Тарбия» сән үйінің киімдер көрсетілімі, «Жорға» халықтық би ансамблі мен күміс көмей әнші Тамара Асардың концертін өткізеді.