Түркістанда алғаш рет әлемдік деңгейдегі сән апталығы өтеді. АSPARA FASHION WEEK-тің 15-ші мерейтойлық маусымына 10 елден 50-ге жуық дизайнер қатыспақ. Қатысушылардың 60 пайызы отандық жастар. Шарада ұлттық құндылықтар мен заманауи сән әлемінің үйлесімі көрсетіледі. Әрі халықаралық шара арқылы қазақ халқының тарихы кең көлемде насихатталмақ. Әрі бұл туризмнің дамуына ықпал етеді,-дейді ұйымдастырушылар.
️