Түркістан
EN

Тұмауға қарсы вакцинациялау науқаны басталды

61
02.10.2026

Елімізде маусымдық тұмауға қарсы вакцинациялау науқаны басталды. Бүгінде халыққа тегін екіпе салу үшін 2,1 млн доза вакцина сатып алынған. Оның 564 мың дозасы Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарына, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларына жеткізілді. 5-қазанға дейін қалған өңірлерді қамту жоспарланып отыр.  Тұмау мен вирустық асқынулардан сақтану үшін тұрғындарға ресейлік  «Гриппол» екпесі салынады. Мамандардың айтуынша,  оның құрамы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына толық сай.