Үкімет басшысы «ИННОПРОМ Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысты

13
2026-10-02

  Қазақстан шикізат сатудан біртіндеп бас тартып, дайын өнім шығаратын өнеркәсіпке бет бұра бастады. Қазірдің өзінде ел экономикасындағы өндірістің үлесі 46 пайыздан асты. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов Минскіде өткен халықаралық көрмеде мәлімдеді. Сапар аясында екі ел арасындағы сауда байланысын нығайту мәселесі талқыланды. Алдағы уақытта елімізде 90 миллиард доллардан астам қаржыға ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жасалмақ. Олар энергетика, көлік және әлеуметтік нысандар құрылысына қатысты. Сонымен қатар, отандық IT-қызметтер экспортының өзі 1 миллиард доллардан асты. Халықаралық көрме аясында жаңа келісімшарттарға қол қойылды. Тартылған инвестициялар мен жаңа технологиялар елімізде тұрақты жұмыс орындарын ашып, инфрақұрылымды жаңартуға жұмсалмақ.