Балабақша күтушісі ұйықтап жатқан баланың бетін тырнаған

16
2026-10-01

 Ақтөбе облысында балабақша қызметкері бір жарым жасар бүлдіршіннің бетін тырнап алған. Оқиға Шалқар ауданына қарасты Бегімбет ауылындағы «Айгөлек» бөбекжайында болған. Әуелі бүлдіршіннің анасы баласының бетіндегі тырнақ іздерін байқайды. Кейін мән-жайды білу үшін бөбекжайға барғанда, мекеме қызметкерлері сәбидің өзін-өзі жарақаттағанын айтып, ақталмақ болған. Тек бейнебақылау камерасындағы жазбаларды тексергенде ғана сұмдық жайттың беті ашылды. Кадрдан тәрбиеші көмекшісінің ұйықтап жатқан бүлдіршіннің бетін тырнап алғаны анық көрінеді. Оқиғадан кейін балабақша қызметкері жұмыстан уақытша шеттетілді. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.