Түркістан облысында күзгі әскерге шақыру науқаны жалғасуда. Бұл маусымда өңірден 35 жас сарбаз Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қатарына жіберіледі. Қазіргі уақытта үміткерлерді медициналық және психологиялық іріктеу жұмыстары жүріп жатыр. Арнайы комиссия талабына сай келген жастар Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады.