Халықаралық қарттар күніне орай Түркістанда «Құрмет. Сүйіспеншілік. Алғыс» атты мерекелік шара өтті. Басқосуда қала әкімі бірқатар қарияға құрмет көрсетті, арнайы марапат табыстады. Айта кетейік, Бүгінде Түркістан қаласында 18 мыңнан астам зейнеткер бар. Оның ішінде 198-і тыл еңбеккері, 372-сі Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген азамат. Бұдан бөлек, жыл басынан бері қала бойынша ардагерлер мен зейнеткерлерге 700 жолдама қарастырылған. Оның ішінде 360 жолдама «Құрмет» демалыс үйіне, 340 жолдама «Мейір» демалыс үйіне берілді.