Құрылтай депутаттары компьютерлік қылмыстар туралы халықаралық конвенцияны ратификациялады. Бұл құжат цифрлық жүйелер мен деректердің құпиялылығын бұзуға, сондай-ақ кберкеңістіктегі заңсыз әрекеттерге қарсы бірлесіп күресуге бағытталған. Қазiргi таңда киберқылмыскер, жәбiрленушi немесе тергеуге қажеттi серверлер әртүрлi мемлекетте орналасуы мүмкiн. Сондықтан цифрлық дәлелдемелерді сақтау мен халықаралық іздеу жұмыстарында жеделдік аса маңызды. Конвенцияға қосылу арқылы Қазақстан өзге мемлекеттердің құзыретті органдарымен тікелей байиланыс орнатады. Сонымен бірге депутаттар бұл келісім азаматтардың құқығын шектемейтінін айтты. Оның үстіне шетелдіктер еліміздің ішкі деректер қорына бақылаусыз кіре алмайды. Құжатта экстрадициялау, ақпарат алмасу және бірлескен тергеу әрекеттерін жүргізу секілді халықаралық құқықтық көмек тетіктері толық қарастырылған. Айта кетейік, бүгінде Будапешт конвенциясына әлемнің 80-нен астам елі мүше.