Азия ойындарының чемпиондары елге оралды

13
2026-09-30

Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында ел намысын қорғаған Түркістан облысының спортшылары туған жерге оралды. Құрлық додасында түркістандықтар керемет нәтиже көрсетіп, ел қоржынына бағалы жүлделер қосты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Түркістан халықаралық әуежайында жанкүйерлері мен спорт саласының өкілдері салтанатты түрде қарсы алды.