Заңсыз граффити салуға қарсы жұмыс күшейді

13
2026-09-29

 Ғимараттар мен қоғамдық орындарды бүлдіру және граффитиді заңсыз салуды болдырмау бойынша жұмыс күшейді. Ішкі істер министрлігі соңғы 2 күнде республика бойынша 524 профилактикалық іс-шара өткізген. Тексеру нәтижесінде, граффити салудың 2300-ден астам фактісі анықталды. Сондай ақ, «тұрғын үй-жайларды, ортақ пайдаланылатын орындар мен көліктегі мүлікті және өзге де қоғамдық орындардағы мүлікті қорлау» бабы бойынша 9 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Граффитиді заңсыз салудың жолын кесу бойынша жұмыстар жалғасуда.