Диқандар биыл майлы дақылдардан рекордтық көлемде өнім жинамақ. Қазір ел аумағында ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Мамандардың болжамынша, жыл соңына дейін қамбаға құйылатын астық пен өнім көлемі бес миллион тоннадан асады. Бұл отандық агросектор үшін үлкен көрсеткіш. Қазірдің өзінде екі миллион гектардан астам алқаптың өнімі қамбаға түсіп, миллиондаған тонна майлы дақыл бастырылды. Науқан тек бұнымен шектелмейді. Қазір Батыс Қазақстан науқанды 100 пайыз аяқтаса, тағы төрт облыс мәреге таяп қалды. Ал еліміздің оңтүстігінде диқандар ақ алтынды теруге кірісіп кетті.