Ретро әндер ұлттық нақышта орындалады

13
2026-09-28

Түркістандықтар ностальгиялық кештің куәсі болмақ. 30 қыркүйек күні Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония ұжымының ұйымдастыруымен 80-90 жылдары жұртшылыққа кең танымал болған әндердің концерті өтеді. Кештің негізгі ерекшелігі сол жылдардағы әлемдік және эстрадаға танымал шығармалар ұлттық музыкалық нақышта орындалады.  Бүгінде мәдени мекемеде 247 қызметкер жұмыс істейді. 63 жылдық тарихы бар өнер ордасының негізгі мақсаты Қалдаяқовтың шығармашылығын насихаттап, оның бұрын жарияланбаған немесе көпшілікке беймәлім шығармаларын жарыққа шығару.