Дүниежүзілік туризм күніне орай Түркістандағы Туризм және меймандостық университетінде апталық ұйымдастырылды. Іс-шара аясында туристік компания басшылары, қонақүй мен музей ісінің білгірлері және сала мамандары студенттермен кездесіп, дөңгелек үстел басында түрлі мәселені қаузады. «Түркістан туризмін дамытудың жаңа стратегиясы» деп аталатын басқосуда өңірдің халықаралық нарықтағы орны мен туристік бренді жайында сөз болды. Сондай ақ, жиында университет магистранты Диас Дәулетханұлы Түркістан облысының туризм әлеуетін кеңейтіп, қызмет көрсету саласына жаңа серпін беретін жобасын көптің назарына ұсынды.