Созақта Баба Түкті Шашты Әзіз кесенесі жаңартылды

13
2026-09-28

Ғасырлар аманаты қайта жаңғырды. Түркістан облысының Созақ ауданындағы киелі мекен Баба Түкті Шашты Әзіз кесенесі толық қалпына келтіріліп, ел игілігіне берілді. Бұл нысан қазақтың рухани тамырымен біте қайнасқан, аңызы мен ақиқаты ұштасқан қасиетті орын. Елдің жадын жаңғыртып, тарихты сақтап қалуды мақсат еткен ауқымды жобаны  «Halyk» қайырымдылық қоры толықтай өз мойнына алған.