Сарыағаш айналма жолы төрт жолақты болады

14
2026-09-28

Түркістан облысындағы Сарыағаш айналма жолы төрт жолақты етіп салынады.  Бүгінде көлік дәлізінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жоспарланған 102 шақырым жолдың 1,30 млн текше метеріне жер төсемі салынған. Жалпы жоба аясында сегіз жол айрығы, 22 көпір, ауыл шаруашылығы техникасына арналған 21 өткел және 223 су өткізу құбыры салынады. Айналма жол қазіргі қолданыстағы күре жолдың жүктемесін азайтып, қозғалыс қауіпсіздігін арттырады. Жол құрылысы аяқталғаннан  соң транзиттік көліктер Сарыағаш қаласы мен оның төңірегіндегі бірнеше елді мекенге кірмей,  айналып өте алады. Құрылыс 2030 жылға дейін аяқталып, ел игілігіне берілуі тиіс.