Әскери қызметшілердің қазасына байланысты 5 лауазымды тұлға ұсталды. Ақтауда қайғылы оқиғадан кейін Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары, екі әскери бөлім командирі, теңіз жаяу әскерлері ротасының және «Қайсар» катерінің командирлері қамауға алынды. Полицияның мәліметінше, күдіктілер қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Күдіктілерге қызметке салғырт қарады және кеме жүргізу ережелерін бұзып, ауыр зардаптарға себепкер болды деген айып тағылуда. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.