Арыс қаласындағы білім ошақтары жаңа оқу жылын сәтті бастады. Өңірдегі тозығы жеткен мектептер күрделі жөндеуден өтіп, заман талабына сай жабдықталған. Сондай-ақ биыл жаңа білім ордасы пайдалануға беріліп, педагогтер оқу процесіне жасанды интеллект мүмкіндіктерін енгізе бастады.