Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу жиыны кезінде қазақстандық әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты Қазақстан Президентінің атына шет мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. Мемлекет басшысы қиын сәтте жұбату сөзін жеткізген әріптестеріне ризашылық білдіріп, халықаралық қолдау мен тілеулестіктің айрықша маңызды екенін атап өтті.