Мемлекеттік тапсырысты игеру мақсатында ғана құрылған қызмет көрсету ұйымдарының жұмысына тосқауыл қою қажет. Дәлірек айтқанда, Республикалық қоғамдық бірлестіктердің бірқатарының тек аты бар, ісі жоқ. Бұл туралы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халық кеңесінің алғашы сессиясында айтты. Сондай-ақ, қоғамдық кеңес жүйесіне де көңілі толмайтынын жеткізді. Халық Кеңесінде тағы қандай мәселелер айтылды? Кеңес мүшелерінің міндеті қандай? Тілші тарқатады.