Каспийдегі әскери қызметшілердің қазасы: үкіметтік комиссия құрылды

6
2026-09-25

Бүгін Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында өтіп жатқан оқу-жаттығу кезінде  сарбаздар апатқа ұрынып,  9 бірдей әскери қызметші қаза тапты. Табиғаттың тосын мінезі мен асау толқын 19 әскериді теңізге ағызып әкеткен. Қазіргі сәтте 7 адам хабар-ошарсыз, оларды іздеу жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр. Қайғылы жағдайға байланысты Президент көңіл айтып, шұғыл Үкіметтік комиссия құрылды.