Түркістан облысында су тапшылығын азайтып, шаруаларды ағын сумен уақытылы қамту өзекті мәселе. Өйткені жүздеген каналдың ішін қамыс пен қоға басып, судың 30 пайызы егістікке жетпей жерге сіңіп кетеді екен. Түйінді мәселені шешу үшін қазір енді жергілікті билік су арналарын бетондау мен ескі сорғы станцияларын жаңарту жұмыстарын бастады.