Бүгін Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы өтті. Оған Мемлекет басшысы арнайы қатысып, кеңес мүшелері атқаратын міндетті атап өтті. Оның негізі еліміздің бір тұтастығын әлемге паш ету, тарихымыз бен мәдениетімізді халықаралық қауымдастық деңгейінде дәріптеу, мемлекетіміздің мүддесін қорғау және еліміздің әлеуетін жан-жақты насихаттау. Мемлекет басшысы соңғы бір жылда елдің саяси жүйесі мен мемлекеттік басқаруына елеулі өзгеріс әкелген ауқымды реформалар жүзеге асқанын айтты. Солардың бірі Қазақстан Халық кеңесінің құрылуы. Президент оның конституциялық мәртебесі бар бірегей институт болатынына сенім білдірді. Кеңес мүшелері Құрылтайдың құзыретіне кіретін жұмыспен айналыспайды. Тиісінше, Құрылтай депутаттарының да Халық Кеңесінің жұмысына араласуға хақы жоқ, — деп атап өтті президент. Енді Халық Кеңесі мен Құрылтайдың комитеттері тығыз байланыста болып, үйлесімді түрде жұмыс істеуі қажет.