Облыстық жас туристер станциясы республикалық байқауда топ жарды. Орал қаласында өткен «Европа-Азия» туристік фестивалінде өңір намысын қорғаған команда бірінші орынды иеленді. Жеңіспен оралған жас туристерді облыстық білім басқармасы басшылығы арнайы қабылдап, жетістігімен құттықтады.