Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға арналған кездесу өтті. Жиынға Академия тыңдаушылары қатысып, мемлекеттік қызметшілердің қоғам алдындағы жауапкершілігі мен кәсіби әдебі сөз болды. Кездесуде Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ербол Орманов мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндетін орындау кезінде әдеп нормаларын қатаң сақтауы маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ халықпен тікелей байланыс кезінде өзін дұрыс ұстау, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен мәдениеттілік таныту мәселелеріне тоқталды. Спикердің айтуынша, мемлекеттік қызметшінің әрбір әрекеті мемлекеттік органның беделіне әсер етеді.