Мемлекеттік қызметке іріктеу тәртібі өзгерді. Бұған дейін үміткерлер 8-9 заңнамалық акт бойынша тест тапсырса, енді олардың саны 4 заңға дейін қысқартылды. Яғни кандидаттарға дайындалуға және тестілеуден өтуге түсетін жүктеме азайды. Сонымен қатар, іріктеу кезеңдері де цифрландырылып, конкурсқа қатысу процесі барынша жеңілдетілді. Енді үміткер өтініштен бастап негізгі кезеңдерге дейінгі рәсімдерді онлайн форматта өтеді. Жаңа тәсілдің тағы бір ерекшелігі – кандидаттың білімімен қатар, практикалық дағдылары мен жеке қасиеттеріне де мән беріледі.