Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді. Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды. Халық кеңесінің құрамына 126 адам енген. Әр облыстың мәслихат депутаттары, азаматтық қоғам мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері бар. Айта кетейік, Қазақстан Халық Кеңесі – Конституцияға сәйкес Қазақстан халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган. Оның негізгі міндеттері – мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарына қатысты, қоғамдық келісім, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайту жөнінде ұсыныстар әзірлеу. Кеңеске заңнамалық бастама көтеру құқығы да берілген.