Үш облыстағы жолдарда жиі адам өлімі болады

22
2026-09-22

Жыл басынан бері жергілікті маңызы бар жолдарда көлік апатынан 251 адам қаза тапты. Оның 90 пайызы Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстарында орын алған, яғни, осы үш облыста жағдай өте ауыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтты. Оның айтуынша, елді мекендерде инфрақұрылым мәселесі де жақсы емес. Барлық жол-көлік оқиғаларының 80 пайызы және адам өлімінің үштен бірі осындай аймақтарда болған. Ведомство басшысы  қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін шұғыл әрі тиісті шаралар қабылдау қажеттігін шегелеп айтты.