«Бізді сезін» шығармашылық ұжымы Түркістан музыкалық драма театрында концерт беріп, үлкен сахнадағы алғашқы кешін өткізді. Астана Жастар театрының әртістерінен құралған шығармашылық топ күні кеше өңір жұртшылығын әсем әнге бөледі. Одан бөлек сезімдерді шиыршық аттырған поэзия мен шынайы монологтар оқылды. Шығармашылық ұжым бұған дейін шағын сахналарда өнер көрсетіп келген. Қазақ әндеріне сұраныс артқан соң осылай жанды дауыста ән кешін өткізуді шешіпті.