Кентау қаласы да тазалыққа кірісті. Хантағы ауылында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Мөлдір бұлақ» эко-акциясы өтті. Тазалық жұмысы тау бөктеріндегі қоқыс тазалау жұмыстары өзен бойында жалғасты. Акцияны қала әкімдігі мен «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ бірлесіп ұйымдастырды. Әріптесім Бекболат Тілеуберген тарқата айтсын.