Елімізде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап көлемі үш есеге артты. Бұл Президент Жолдауын жүзеге асыру барысында атқарылған тірлік. Мемлекет басшысы жыл сайын кемінде 150 мың гектар жерге су үнемдеу технологияларын енгізуді тапсырған болатын. Бұл жұмыс соңғы 3 жылда қарқынды атқарылуда. 2023 жылы озық тәсіл ендірілген аумақтың көлемі 30 мың гектар болса, 24 жылы 150 мың гектарға жетті. Осылайша қазіргі таңда су үнемдеу технологияларымен суландырылатын алқап көлемі 700 мың гектардан асты. Бүгінде бұл технологиялар еліміздегі суармалы жердің 36 пайызында қолданылады. Заманауи суару жүйелеріне көшу ауыл шаруашылығы өндірушілеріне су беру көлемі мен режимін реттеуге, өнімсіз шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.