Cондай-ақ, арыстық тұрғындар да өткен аптаның сенбісінде 30 гектар жерге тазалық жұмыстарын жүргізді. Қала аумағы мен барлық ауылдық округтерде өткен тазалық ісіне 3 мыңға жуық адам атсалысқан. Олардың қатарында мемлекеттік қызметшілер, жергілікті мекеме мен кәсіпорын ұжымдары, білім, денсаулық сақтау, мәдениет саласының өкілдері, жастар мен өзге де тұрғындар бар. Игі шараға 20-ға жуық арнайы техника жұмылдырылып, 50 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық арнайы орындарға шығарылды. Сонымен қатар қоршаулар мен аялдамалар, ескерткіштер мен аллеялардың аумақтары ретке келтіріліп, 2 шақырымнан астам арық-атыз тазаланды. Оған қоса, жасыл желектер суарылып, абаттандыру жұмыстарына да көңіл бөлінген.