Мемлекеттік туды балконға ілуге болады

6
2026-09-18

Енді мемлекеттік Туды үйдегі балконға да ілуге болады. Бұған дейін бұл ақпарат жұрт арасында айтылып жүргенімен, оны қалай ілу керектігі жайында нақты ереже көрсетілмеген еді. Жаңа талап бойынша көк байрақты балконға 45 градус бұрышпен орнату қажет. Ал оның биіктігі кемінде үш метр болуы тиіс. Тудың ою-өрнегі жоғары бөлігінде, жерге, еденге, суға тиіп тұрмауы керек. Ал жалпы мемлекеттік рәміздер жайында тағы қандай талаптарды ескеру керек және оларды кімдер бақылайды? Облыстық семинарға барып қайтқан әріптесім Көркем Әбдіғали тарқатып айтып береді.