Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

4
2026-09-18

 Мемлекет басшысына сегіз елдің төтенше және өкілетті елшілері сенім грамоталарын тапсырды. Рәсім Астанада Тәуелсіздік сарайында өтті. Сенім грамоталарын тапсырғандар қатарында Мысыр Араб Республикасы, Швейцария Конфедерациясы, Эстония Республикасы және Оман Сұлтандығының елшілері бар. Сондай-ақ, Мажарстан, Гвинея-Бисау мен Нигерия Федеративтік Республикалары мен Дания карольдігінің елшілері де табыс етті. Президент оларға ілтипат білдіріп, еліміздің сыртқы саясатта бейбіт бағыт ұстанатынын жеткізді.