Түркістанда «Қазақстанның үздік тауары – 2026» өңірлік көрме-конкурсы басталды. Екі күнге созылатын шарада облыстағы тауар өндіруші кәсіпкерлер жұртшылыққа өз өнімдерін таныстырып жатыр. Басты мақсат отандық өнімдердің әлеуетін арттырып, кәсіпкерлердің өзге де нарыққа шығуына жол ашу. Шарадан толығырақ ақпаратты әріптесім Жұлдыз Шалхарбек тарқатады.