Кітап оқып, 10 миллион теңге ұтып ал

12
2026-09-18

Кітап оқып, 10 миллион теңге ұтып ал! Елімізде ең көп кітап оқыған 10 жеңімпаз 10 миллион теңге сый алатын  байқау басталды. «Жылдың 10 оқырманы» атты ауқымды республикалық жоба еліміздің барша өңірін, Түркістан облысы мен өзге де аймақтардағы 195 аудан мен 87 қаланы толық қамтиды. Шарт бойынша қатысушылар 6 ай ішінде 15 кітап оқып, оны қаншалықты меңгергенін зияткерлік сайыста дәлелдеуі тиіс. Бақ сынаймын деушілерге шектеу жоқ. Мектеп оқушыларынан бастап, мұғалімдер, ғалымдар мен мемлекеттік қызметшілерге дейін 8 санат бойынша қатыса алады. Алғашқы екі аптада-ақ жүйеге 1 миллионнан астам адам тіркеліп үлгерді. Айта кету керек, сайыста тек  10 жеңімпаз ғана емес, өңірлік кезеңдерден өткен 4 мыңға жуық азамат та ақшалай жүлделерге ие болады. Ал үздіктер келер жылы 23 сәуір Ұлттық кітап күнінде анықталады.