Төлеби ауданына қарасты Қаратөбе ауылында VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы Сырым Ізбасаровқа құрмет көрсетілді. Аударыспақтан үш дүркін әлем чемпионы атанған спортшыны ауылдастары зор қошеметпен қарсы алып, иығына шапан жапты, астына тұлпар мінгізді. Ал чемпионның өзі жүлдеге алған қомақты қаржыны толығымен туған ауылының игілігіне жұмсауға шешім қабылдапты.