Түркістанда «Қазақстанның үздік тауары – 2026» өңірлік көрме-конкурсы басталды. Екі күнге созылатын бұл шарада облыстағы 200-ден астам тауар өндіруші өз өнімдерін таныстырып жатыр. Басты мақсат — отандық өнімдердің әлеуетін арттырып, кәсіпкерлерге жаңа өткізу нарықтарын ашу. Қазір көрме өтіп жатқан орынынан тікелей байланысқа әріптесім Жұлдыз Шалхарбек шығуға әзір. Жұлдыз қайырлы күн! Көрмеде қандай өнімдер таныстырылып жатыр?