Оңтүстік өңірдің қаламгерлері бір ортада қауышты. Түркістан облысы мен Шымкент қаласының ақын-жазушылары Фараб кітапханасында бас қосты. Тонның ішкі бауындай селбесіп жатқан екі өңірдің шығармашыл азаматтары біраздан бері үзілген әдеби байланысты қайта жалғап, пікір алмасты.