Ұл балаларға паппиломаға қарсы вакцина салынады

5
2026-09-17

2027 жылдан бастап елімізде 11 жастағы ұл балаларға  папиллома вирусына қарсы вакцина салынады. Жоба алдымен төрт өңірде пилоттық режимде жүзеге аспақ. Бұл туралы Құрылтай отырысында Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы мәлімдеді. Сонымен қатар келер жылдан бастап төрт өңірде өкпе обырын ерте анықтауға арналған жаңа скрининг түрі енгізіледі. Вице-министр 2027-2029 жылға арналған республикалық бюджетте денсаулық сақтау саласына 2,5 триллион теңге қарастырылғанын атап өтті.