Биыл Созақ ауданындағы өнеркәсіп өнім көлемі 662 млрд.теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 118 пайызға артығымен орындалған. Десе де, нәтиже өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай оң әсе ете қоймады. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеров Созақ ауданының тұрғындарымен кездесу барысында баяндады. Аймақ басшысының айтуынша, өңір ең бай және экономикалық әлеуеті жоғары аудан бола тұра, даму көрсеткіштері жағынан төмен. Сондықтан, Нұралхан Көшеров жергілікті басшыларға бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, оң нәтижеге қол жеткізуді тапсырды.